Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Мамырдың 18-і, сағат 17.00 де Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында заманымыздың көрнекті ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің мерейтойлық кеші өтеді.

СҮЛЕЙМЕНОВ ОЛЖАС ОМАРҰЛЫ - ақын, қоғам қайраткері. 1962-71 жылдары «Казахстанская правда» газетінің қызметкері, «Қазақфильм» киностудиясының сценарий-редакциялық коллегиясының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі. 1971-81 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1981-83 жылдан Қазақ ССР Киномотографистер жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы, КСРО Жазушылар одағының хатшысы (1984). 1972 жылдан Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақ комитетінің, 1989 жылдан «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2002 жылдан ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» 1961 жылы шықты. Ақынның өлең-жырлары ақыл-ой алғырлығы, бүгінгі күнді халықтың өткен тарихымен астастыра бейнелей, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне асқақ дауыспен үн қосуы арқылы ерекшеленеді. «Адамға табын, Жер, енді» Сүлейменовтың атын әдеби жұртшылыққа кеңінен танытты. Бұл поэма кеңес дәуірі кезінде поэзия жанрының үздік табыстарының бірі болып табылды. Содан бері ақынның «Нұрлы түндер» (1962), «Қызықты түн» (1963), «Шапағатты шақ» (1964), «Мешін жылы» (1967), «Таңдамалы лирика» (1969), «Қыш кітабы» (1969), «Ақ дария аспанында» (1970, өлеңдер мен проза), «Талма түсте тағы да бір қайталап» (1973), «Жұмыр жұлдыз» (1975), «Кемер» (1976, 1979), «Әр күн - арайлы таң» (1986), «Асқардан асу» (1987), «АЗиЯ» (1975), «1001 сөз» (2001) атты кітаптары жарық көрді.

Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері» (1964), «Көгілдір маршрут» (1967), «Қыс - қысылшаң мезгіл» (1972), «М.Әуезов туралы сөз» (1979), «Соңғы өткел» (1982), «Үндістан сазы» (1984), «Жастық шақ заставасы» (1984) кинофильмдері түсірілді. Бірқатар шығармалары ТМД халықтарының және шет ел тілдеріне аударылды. «Жалынның шалқуы» деген өлеңі француз тіліне аударылып, 1981 жылы жарық көрді. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту