Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Алматы қаласы қыркүйекте күн шуақты да жайлы ауа райымен қуантуда. Сарғайған жапырақтар мен емен жаңғақтары көшеде үйіп-төгілуде. Базарлар мен көкөніс дүкендерінің сөрелеріндегі жемістердің молдығы мен табиғат сыйлары қала тұрғындары мен қонақтарын қуантуда. Жылы тау көгалдары жексенбілік демалыстарға, күзгі тау пейзажы арасында достармен бас қосуға еліктіреді.

Қыркүйектің осы демалыс күндерінде «Көктөбе» саябағында "KOK TOBE.BAZ&ART" Алғашқы күзгі фермерлік шоу-жәрмеңкесі өткізіледі.

24-25 қыркүйекте «Көктөбе» саябағында Алматы қаласының барлық түрғындары мен қонақтарын жанға жайлы демалысты таза ауада ашық аспан астындағы Жәрмеңкеде фермерлік шаруашылықтардың өнімдерін және отбасы мен үйге арналған қажетті тауарларды пайдалы сатып алулармен ұштастыруға шақырады.

Фермерлік өнімдер мен тұтыну тауарларының кең түрлерін сатумен қатар жәрмеңке қонақтарына ұсынылады:

  • қызықтышеберлік сабақтары;
  • жаңа өнімдер мен жаңа қоғамдық тамақтану орындарының түсаукесерлері;
  • интерактивті шоулар мен ворк-шоптар;
  • сомелье және мейрамхана иелерінің пайдалы кеңестері;
  • концерттік бағдарламалар;
  • викториналар, лотереялар;
  • асүй керек-жарақтарын, үй мен жайлы тұрмысқа арналған заттарды, гастрономиялық тақырыптарға кітап топтамалары, қолданбалы-қолөнер шеберлерінің бұйымдарын, бақ және саяжай телімдеріне арналған әртүрлі ілеспе тауарларды, бақ орталықтарының өнімдерін сату;
  • флористикалық дүкендер мен ландшафт дизайнерлерінің тұсаукесерлері;
  • салауатты тамақтану және био-өнімдер туралы әңгімелер;
  • арнайы балалар бағдарламалары.

Кешкі бағдарламада Рустам Оспановтың – JAZZYSTAN музыкалық фестиваліне сахна ұсынылады, онда Лионнан, Парижден және Алматыдан арнайы шақырылғанмузыканттар мен диджеилер - Voilaaa Sound System, Anders Sicre және басқалар өнер көрсетеді.

Биылғы жылы Жәрмеңке «Франция дәмі - Bon Appétit» атауымен өтеді және Француз гастрономиясының мерекесіне арналатын болады.

            7 француз бас-аспазы және бір шарап маманы, яғни сомелье,Огюст Эскофье ізбасарларының халықаралық қауымдастығының мүшелері, Қазақстандағы мерекенің құрметті қонақтары бұл қауымдастықтың қазақстандық мүшелерімен бірге Жәрмеңке алаңында аспаздық шеберлік сабақтарын беретін болады.

            Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстандағы Францияның Бас консулдығы, Францияның «Amitie» компаниялар-іскер серіктестерінің Қазақстандық қауымдастығы, Эскофье ізбасарлары қауымдастығы, Француз Альянсы, ММФ JAZZYSTAN, «Көктөбе» саябағы және Қазақстандық компания ЖК Ибрагимова.

24-25 қыркүйекте «Көктөбе» саябағында " KOK TOBE.BAZ&ART" фермерлік шоу-жәрмеңкесінде алматылықтар мен қала қонақтарын көтеріңкі көңіл-күй, дәмді де пайдалы сатып алулар күтуде.

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту