Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Мекемелер

Орналасқан орны: Алматы қаласы, Қабанбай батыр, 132

Директор: Дүкенбаев Нұрлан Мұсағалиұлы

Құрылған жылы: Алматы қаласы әкімінің 2014 жыл 20 қазаннан №4/861 Қаулысы бойынша, Алматы қаласы тарихы мұражайы, С. Мұқанов және Ғ.Мүсірепов әдеби-мемориалдық мұражайларын, Д.А.Қонаев мұражайын, Ықылас атындағы ұлт-аспаптар мұражайы мен Н.Тілендиевтің мұражайын қосу арқылы құрылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, 2016 жылдың 18 қыркүйегінде Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы ашылды. 
Жекеменшік түрі: жедел басқару құқындағы мемлекеттік кәсіпорын.

Ұсынатын негізгі қызмет түрі: Отандық тарихты, аймақтың тарихын, Қазақстан халқының мәдениетін, салты мен әдет-ғұрпын, танымал қоғамдық және саяси қайраткерлердің өмірі мен еңбегін, белгілі мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын, өнер иелерін зерттеу және кеңінен таныту.

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК

Алматы музейі

Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі,132, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы.

Жетекшісі:

Құрылған күні – 2002 ж.

Мақсаты – Алматы қаласының тарихи-мәдени мұрағатын, Алматы қаласында тұрған қоғам және мәдениет қайраткерлері туралы зерттеу және насихаттау.

Д.А.Қонаев музейі

Алматы қаласы, Төлебаев көш., 117 және Төлебаев көш., 119, 5 пәтер.

Құрылған күні – 2002 ж.

Жеткшісі: Кубашева Лейла Иватовна

Бұл мұражай ондағы экспонаттардың шынайылығымен бірегей. Бұл Димаш Ахметұлының жеке заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттердің кітапханасы, өнер туралы альбомдар, авторлар өз қолдарын қойып сыйға тартқан кітаптар, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойға берілген көптеген сыйлықтар, тұлғаның немен шұғылданғанын көрсететін экспонаттар.

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы

Алматы қаласы,Зенков көш., 24а.

Жетекшісі: Байбосынова Ұлжан Маликайдаровна

Музей 1980 жылдан бері жұмыс істейді.

Экспозицияларда қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының қырықтан астам түрлері қойылған. Олардың кейбірі, көп жағдайда домбыралар, қобыздар, даңғыра, сылдырмақ, сондай-ақ орыс, ұйғыр, дұнған және басқа елдердің ұлттық аспаптары мұражайға Қазақстанның ұлттық мемлекеттік орталық мұражайынан, Қазақстанның облыстарында орналасқан тарихи-аймақтық мұражайларынан берілген. Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ, асатаяқ, керней, уілдек секілді кей аспаптар ұлттық жәдігерлер туралы жазбаша қайнарлардың ізі бойынша жасалған қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған және еліміздегі шеберлердің этнографиялық сипаттамалары бойынша қайта қалпына келтірілген. Аспаптардың қалғаны тұрғындардан алынған.

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК

С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемораилды мұражай кешені

Алматы қаласы, Төлебаев көш., 125, Қарасай батыр көш., 49.

Жетекшісі:Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы
1999 жылы 8 ақпанда бұған дейін екі бөлек жұмыс істеген С. Мұқанов (1978 жылы 21 қазанда ашылған) және Ғ. Мүсірепов атындағы (1987 жылдың мамырында ашылған) мұражайларды қосу арқылы құрылған.

Әдеби экспозиция жазушылардың өмірлік және шығармашылық жолдарын паш етеді: бала шақ, білім алған кезеңдер, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің жазушы ретінде қалыптасулары, олардың қоғамдық-саяси қызметтері. Бұл жерде жазушылардың әдеби көркем құжаттары, шығармаларының қолжазбалары мен күнделіктері, сондай-ақ әлемнің 50 шақты тіліне аударылған еңбектері көрнекі түрде кеңінен қойылған.

Мемориалды бөлікте жазушылардың өмірінен сыр шертетін қызықты экспонаттармен, олардың жеке заттарымен, кітаптарымен танысуға болады. Мұражайдағы әр зат, әр экспонат жазушылардың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысты, олар сол кезеңге еніп, ерекше атмосфера тудыруға көмектеседі.

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК

Н.Тілендиевтің мемориалды музейі

Алматы қаласы, Қонаев көш., 96

Жетекшісі: Дауленова Айдана

Құрылған жылы 2014 ж.

Н.Тілендиев атындағы мемориалды мұражай 2014 жылдың 16 мамырынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл тарихи тұлғаның шығармашылығымен, өмірімен танысатын орын. Мұражайдың басты мақсаты мен міндеті – өткеннен сыр шерте отырып, келушілер мен осы үй тұрғындары арасында байланыс орнату.Аталған мұражайдың басты құндылығы – бір кездері осы үйде тұрған ерекше дарын иесінің рухани өмірінен естелік болып қалған заттар. (Источник: Управление культуры города Алматы)

«Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК

Мульттмедиялық дәстүрлі музыка орталығы

Алматы қаласы, Алғабас, 1 ықшам ауданы, 5 үй

Жетекшісі: Отарбаев Тлеген Жүнісұлы

Құрылған жылы 2016 ж.

Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы ешкімге ұқсамайтын бірегей қолтаңбасы бар, елдің өткені мен бүгінгісін сабақтастырып жатқан, түрлі аспаптардың сарынды үні арқылы «ұйықтап жатқан жүректі оятып», елдің тарихы мен мәдениетінен сыр шерте отырып, ерекше әлемге бөлейтін еліміздің ерте заманнан бері келе жатқан асыл мұрасы. Дәстүрлі музыка өнері өкілдерінің туындыларын зерделей келе, ғалымдар қазақ әншілік өнерінің бірнеше ғасырлық даму тарихы бар екеніне көз жеткізуде. Бүгінгі таңда сол ерекше дарын иелері мен өнер майталмандары қалдырып кеткен мұраға ие болу, олардың өз қолдарымен ұстап, бірегей туындалырын орындап, қазірде көздеріндей болып қалған аспаптарын сақтай білу – ұрпаққа, тұтастай бүкіл бір елге сын. Міне, осыны және өзге де маңызды шындықты ескерген Елбасы бүгінде мәдени ошаққа айналған Алматы қаласында дәстүрлі музыка орталғын ашуды ұсынған болатын. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы Қазақстан өңірінде кеңінен тараған төрт негізгі дәстүрлі музыка мектебі өкілдерінің аспаптарынан құралған. Орталыққа қойылған экспонаттардың басым бөлігі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорында сақтаулы тұрған қазақтың белгілі өнер тұлғаларының жәдігерлерінен жасақталған.

 

КМҚК «Алматы қаласы музейлер бірлестігі»

2017 жылдың мамыр айында өтетін іс-шаралар жоспары

 

Өткізілетін

уақыты және орны

Іс-шараның

атауы және тақырыбы

Іс-шараға келушілер адам саны

Негізгі қатысушылар

Ақпараттық хабарлама және баспасөз баяны (қосымша сұраныс бойынша)

1.

05.05.2017 ж.

Басталуы: 15:00-де

Алматы қаласы музейі

Көрме «Соғыс жаңғырығы мәңгі жүрегімізде» жеңіс күніне арналған көрме және тарихи-тақырыптық іс-шара.

35 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

2.

05.05.2017 ж.

Басталуы: 17:00-де

Ықылас атындағы музыка аспаптары музейі

1 мамыр – Бірлік пен ынтымақ күніне арналған, Күйші – Ерболат Мұстафаевтың «Күй өнерінің тағылымы» атты лекция-концерті.

90 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

3.

05.05.17ж.

Басталуы: 11:00-де

Д.А. Қонаев музейі

05.05.17ж.

Басталуы: 12:00-де

Н.Тілендиев музейі

05.05.17ж.

Басталуы: 12:00-де

Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран!» тақырыбында Д.А. Қонаев, Н. Тілендиев музейлері мен Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай концерттік қойылым.

60 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

4.

05.05.2017 ж.

Басталуы: 11:00-де

Д.А. Қонаев музейі;

Н.Тілендиев музейі

12:00-де

«Ардагерім ардағым» тақырыбында, ҰОС ардагерлеріне арналған Д.А. Қонаев және Н.Тілендиев музейлерінің бірлесіп дайындаған іс-шарасы.

20 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

5.

06.05.2017 ж.

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

Жеңіс күніне орай - «Ашық есік» күндері.

40 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО студенттері, оқушылар.

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру

6.

10.05.2017 г.

Басталуы: 18:30

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы

«Д.А. Қонаевтың сүйікті әндері» тақырыбында, Д.А. Қонаевтың 105-жылдығына арналған концерт.

Ұйымдастыршылар Д.А.Қонаев музейі.

700 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

7.

15.05. 2017 ж.

Алматы қаласы музейі

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Елдігіміздің мәртебесі – рәміздер» атты музейлік дәріс пен жылжымалы көрме

 

30 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

8.

17.05. 2017 ж.

Басталуы: 17:00

Ықылас атындағы музыка аспаптары музейі

Қобызшы – Құрманбек Жүгінісов. «Қобыз – көненің көзі» атты лекция-концерт.

90 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

9.

18.05. 2017 ж.

Басталуы: 19:00

Алматы қаласы музейі

Халықаралық музей күніне орай «Музей түні 2017» акциясы .

 

3000 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

10.

18.05. 2017 ж.

Басталуы: 18:00

Д.А. Қонаев музейі

Халықаралық музей күніне орай «Музей түні 2017» акциясы

 

2000 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру

11

18.05. 2017 ж.

Басталуы: 18:00

Н. Тілендиев мемориалды музейі

Халықаралық музей күніне орай «Музей түні 2017» акциясы .

1000 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру

12

18.05.2017 ж.

Басталуы: 18:00-де

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені.

«Музей түні» акциясы.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылады.

1500 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО студенттері, оқушылар.

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру

13

20.05.2017 ж.

Басталуы: 17:00

Ықылас атындағы музыка аспаптары музейі

Халықаралық музей күніне орай акция «Музей түні 2017» .

3000 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру

14

23.05. 2017 ж.

Алматы қаласы музейі

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Елдігіміздің мәртебесі – рәміздер» атты музейлік дәріс.

30 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

15

24.05. 2017 ж.

Басталуы: 16:00

Алматы қаласы музейі

ҚР жас суретшілер Одағымен бірлесіп жемқорлыққа қарсытақырыбына арналған көрменің ашылуы «Адал ұрпақ болашағы»

25 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

16

26.05. 2017 ж.

Басталуы: 16:00

Алматы қаласы музейі

Көрме «Ел бірлігі - достықта». Алматы қаласы ұлттық-мәдени орталықтарының көрмесі.

30 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

17

26.05.2017 ж.

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

Лекция. «Бесеудің хаты».

«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» мен Қазақ зиялыларының 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хаттың жазылуының 85 жылдығына орай.

20 адам

ЖОО студенттері, оқушылар.

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

18

31.05. 2017 ж.

Басталуы: 16:00

Алматы қаласы музейі

Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дәріс.

 

30 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

19

31.05. 2017 ж

Басталуы: 10:00.

Ықылас атындағы музыка аспаптары музейі

Саяси қуғын-сүргін құрбандар күніне арналған. Фольклортанушы Берік Жүсіптің – «Тұрмағамбет тәлімі» атты лекция-концерті.

90 адам

Қала тұрғындары мен қонақтары, студенттері, оқушылар

Әлеуметтік желілерде (facebook, т.б.) хабарламалар беру.

 «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Коммуналдық
мемлекеттік мекеме. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы (КММ ОКЖ)
бұл мекеме коммерциялық емес болып табылады және әлеуметтік-мәдени
функцияларын іске асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие.
 
Алматы қаласының әкімінің 2015 жылы 26 наурызда №1/90 «Алматы Мәдениет
басқармасының коммуналдық мемлекеттік органдар қайта ұйымдастыру» туралы
шыққан қаулысы бойынша Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана
жүйесінің кітапханаларына С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы
және Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы біріктірілді.
 
 
Қазіргі уақытта «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» 
КММ  25 кітапханадан тұрады: А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапхана,
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, С.Бегалин атындағы қалалық
орталық балалар кітапханасы, және 23 кітапхана филиалдарының ішіне И.А Крылов
атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан жазушылары кітапханасы,
13 көпшілік және 7 балалар кітапханасы кіреді.
 
Қазіргі уақытта ОКЖ кітапханалары кітапті сақтау және ақпарат берумен 
шектелмейді, олар кітап оқумен және кітаптарды насихаттауға бағытталған.
ОКЖ кітапханаларында дәстүрді нығайту, мәдени құндылықтарды таратылымын 
қамтамасыз ету және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытуға үлес қосуда.
 
 ОКЖ кітапханаларының  материалдық -техникалық базасын нығаюы, 
пайдаланушының заманауи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай
жасауда.  ОКЖ кітапханаларында компьютерлендіру және автоматтандыру процестері
жалғастырылуда. Кітапханаларда интернет желісі көпшілікке қолжетімді.
Пайдаланушылар электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
ОКЖ кітапханаларында жаңа технологияларды пайдалануы оқырманға әр түрлі
қызметтерді алуға мүмкіндік береді және оларды кітапханаға тартады.Кітапханаларда
электронды каталогтың ретроспективті бөлігін өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар кітапханаларда кітап қорларын штрихкодтау жүргізілуде. Қазіргі 
уақытты электрондық каталогты жаңа әдебиеттермен толықтыру жұмыстары
жалғасуда.
 
            
    Кітап және кітапхана қызметтерін  жарнамалау үшін ОКЖ кітапханалары өзге  
мекемелер мен мәдени ұйымдармен жұмыстарды бірлестіріп жүргізуде.
 
 
Кітапхана серіктестері қатарында: университеттер, колледждер, орта мектептер, 
оқушылар сарайы , өнер мектептері, музыка мектебі,  Жазушылар одағы, мектепке
дейінгі балалар мекемелері , салауатты өмір салты қалалық басқармасы, қалалық
және аудандық ардагерлер кеңестері, ұлттық-мәдени орталықтары , Дін істері
жөніндегі басқармасы , қалалық мұражайлар, БАҚ, балалар үйлері, аула клубтары.
 
            Кітапханалар қалалық, республикалық байқаулар мен фестивальдарға белсенді 
қатысуда және үлес қосуда. Кітапханалар айтулы күндерге байланысты үлкен көлемді
іс-шаралар өткізуде. ОКЖ кітапханалары оқырмандармен жұмыс істеуге көбірек
көңіл бөлуде. Кітапханада кітап көрмелері, оқырман конференциялары және әдеби
кештер өткізілуде.
            Кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсетудің дәстүрлі түрлерімен қатар, 
жаңа инновациялық түрлері енгізілуде. Олар: библиоглобус, слайд-презентациялар,
библиокештер мен түндер өткізілуде. Кітапхананың жұмысын жандандыру мақсатында
көптеген шығармашылық ұйымдар, клубтар, үйірмелер, курстар жұмыс істеуде. Ол 
21 ұйым мен клубтар және 28 қызығушылық үйірмелері.
 
Мысалы: А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапханасында:
-         Ұлттық мәдени диаспораларымен бірігіп ашылған «В кругу друзей» атты
орталық жұмыс істеуде.

-         Қызықты кездесулер әдеби салоны

-         «Жастар» клубы

-         «Гүлзар» ландшафтық дизайн клубы және т.б.

ОКЖ кітапханалары балалар және жасөспірімдердің қызмет көрсетуіне

көп көңіл бөледі. Алматы қаласының әр баласы кітапханада жоғары деңгейде қызмет алуға құқылы.

С.Бегалин атындағы қалалық орталық балалар кітапханасының өзінде әр-түрлі бағытта 17 үйірме жұмыс істеуде. Олар: бисертоқу, шет тілдерін үйрену,«Қағаздан  үлгілер жасау».

С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының  үйірмелер  кестесі

Атауы

Жұмыс  ұақыты

1.

 «Қағаздан  үлгілер жасау» 1-4 сынып және мектепке дейінгі жастағы балаларға.

 Байланыс  телефондары 291-39-76

Сәрсенбі сағат  11.00

Бейсенбі сағат 15.00

2.

«Драма үйірмесі»

Байланыс  телефондары 293-84-13

Кіші топ (1-3сынып)-бейсенбі, сенбі сағат 13.30-15.00

Ортанғы топ (4-5сынып)-сейсенбі,бейсенбі сағат 09.30-11.00

Үлкендер тобы (6 -сынып+)-сейсенбі,бейсенбі, сенбі сағат 14.00-17.00

 3.

«Ата-аналарға арналған компьютерлік курстар»

 Байланыс  телефондары 291-40-52, 292-20-46

Сейсенбі,бейсенбі

10.00-11.30 

15.00-16.30

4.

«English with pictures»

 «Ағылшын тілі суреттер арқылы» 6-12 жастағы балаларға

Тел:291-84-66

Сенбі 11.00-12.00

5.

«Teens reading club»

Жасөспірімдердін ағылшын тілінде оқу клубы

Байланыс  телефондары 291-84-66

Бейсенбі 15.00

6.

«Бисер  тоқу»

Тел:291-39-76

Сейсенбі сағат 15.00 1-4 сынып оқушыларына (бастауыш және мектепке дейінгі балалар бөлімі)

7.

Ата-аналарды  балаларын «Ертегі терапиясына» шақырамыз.

Байланыс  телефондары 291-39-76

Бейсенбі сағат 16.30(бастауыш және мектепке дейінгі балалар бөлімі)

8.

«Мен өзім! Оқу, ойнау, үйрену» - шығармашылық сабағы Байланыс  телефондары 291-39-76

Сейсенбі сағат 16.30(бастауыш және мектепке дейінгі балалар бөлімі)

9.

«Физика және математика»

Байланыс  телефондары 291-61-51

Сәрсенбі

10.00-11.00 -5-7жас

11.00-12.00,

14.00-15.00-7-12жас

15.00-16.00 -12жас +

10

Неміс тілі музыкамен бірге

Тел:291-84-66

Сәрсенбі-11.00

11

Ағылшын тіліндегі киноклуб

Тел:291-84-66

Сәрсенбі-11.00

12

(Ағылшын тілінде)  оқимыз және сурет саламыз

Тел:291-84-66

Жұма-11.00

13

Ағылшын тілінде балаларға арналған караоке

Тел:291-84-66

Дүйсенбі-11.00

14

Ағылшын тілінде жасөспірімдерге арналған караоке

Тел:291-84-66

Дүйсенбі-12.00

15

Жазғы видеотеатр (кинозал) барлығына

Телефон бойынша кестесін білу

291-67-02

16

«Палитра талантов» сурет салу үйірмесі

Тел:291-67-02

Сейсенбі:

Кіші топ-10.00-11.00

Үлкендер тобы-11.00-12.00

Бейсенбі:

Кіші топ-10.00-11.00

Үлкендер тобы-11.00-12.00

17

«RoboticsLab» робототехника курсы

Тел:291-37-68, 291-40-52

Сенбі сайын:

7-8: сағ.10.00

9-10: сағ.11.30

11-12: сағ.13.00

13 +жас: сағ.14.30

И.А Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында:

- «Арда» жас ақындар үйірмесі

- «Домбыра дастан» үйірмесі

- «Светик – семи цветик» клубы

«Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 2016 жыл бойынша есеп.11.75 MB

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Happy summer» атты жазғы лагері балалар мен үлкендер арасында үлкен қызығушылық танытады.

ОКЖ кітапханаларының жұмысы жан-жақты жарнамаланады. Кітапханалардың жұмысын жарнамалауда «Қазақстан», «СТВ», «Хабар» атты телеарналары және «Шалқар радиосы», «Қазақ радиосы» сонымен қатар «»Вечерний Алматы», «Ұлан», «Дружные ребята», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Литер», «Мөлдір бұлақ», «Bala bi» бұқаралық ақпараттық құралдар өз үлестерін қосуда.

ОКЖ  кітапханаларының жұмысы  қоғамдағы оң өзгерістерге жан-жақты
әсерін тигізуде. Бұған жергілікті және ұлттық радио мен теледидар
арналары бойынша берілетін жаңалықтар мен кітапхана мамандарының  
сұхбаттары дәлел.

ОКЖ кітапханаларының 2017 жылдың наурыз айына арналған жоспары

 

Наименования мероприятия

Дата проведения

Место проведения

Примечания

 

«Ақ боз үй» романы (С.Елубаев) Романды талқылау

1 наурыз

Филиал №14

 
 

1 наурыз- Алғыс айту күні

«Рахмет, саған, Туған жер» Әңгіме

наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

«Жүрегі оның - өшпейтұғын өр өлең» Кітап көрмесі

8 наурыз – Төлеген Айбергеновтың туғанына – 80 жыл

1 наурыз

Филиал№6

 
 

«Ұлы тұлғалы ақын» (М.Шаханов) Кітап көрмесі

2 наурыз

Филиал №26

 
 

«Ақбоз үй» С Елубайдың туғанына 70 жыл

Кітап беташары

2 наурыз

Филиал № 39

 
 

«Её Величество женщина» поэзия сағаты

2 наурыз

Филиал №26

 
 

«Әлемнің жарық жұлдызы Ана!» мерекелік банер

3 наурыз

Филиал №4

 
 

« Қыз - ұлттың ұяты »

Конкурс

3 наурыз

Филиал №24

 
 

«М.Ауэзов классик – казахской литературы» кітап көрмесі

3 наурыз

Филиал №26

 
 

«Айбергеновтың әдеби-ақындық әлем» кітап көрмесі

3 наурыз

И.А.Крылов ат.ҚБК

 
 

«Әр сөйлемің сұңқардай самғытқан Смағұл» 70 жас Әдеби кеш

4 наурыз

Филиал № 20

 
 

«Рухы - жыр, қара сөз - құдреті» 8 наурыз Төлеген Айбергеновтың туғанына - 80 жыл. Поэзии кеші

4 наурыз

Филиал №29

 
 

13маусым-ақын –драматург ҚР еңбек сіңірген қайраткері –

Н.М:Оразалинің туғанына-70ж

«Бұл өмірде – бәрі ақиқат, бәрі аңыз». Талқылау

4 наурыз

Филиал№32

 
 

«Ана деген теңдесі жоқ – Ұлылық!» әдеби музықалық кеш

4 наурыз

Филиал №4

 
 

«Праздник любви и благодарности» поэзия кеші

4 наурыз

Филиал №10

 
 

«Ана – өмірдің шуағы» Шығармашылық кеш

4 наурыз

Филиал №30

 
 

«Ана - өмірдің тынысы» Әдеби кеш

4 наурыз

Филиал№18

 
 

«Алатаудай арман арқалаған ақын » к 80-летию со дня рождения писателя Т.Айбергенова Қызықты хабарлама сағаты

6 наурыз

ҚЖК

 
 

8 наурыз-ақын Т.Айбергеновтың туғанына-80жыл

«Махаббат поэзиясының королі» Дауыстап оқу

наурыз

Филиал№32

 
 

«Кітап – ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» Кітап көрмесі

6 наурыз

Филиал №26

 
 

8-наурыз – жазушы, ақын, Төлеген Айбергеновтің туғанына - 80 жыл Әдеби сағат

«Халық сыйлаған қаламгер»

7 наурыз

Филиал №18

 
 

«Бір тойым бар...»- Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл

«Путь мечты...» Көрме,шолу

8 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

«Литературный календарь» көрме

9 наурыз

Филиал №26

 
 

«Қиямет қайым ғасыры» кітабы к 70 летию со дня рождения писателя С.Елубаева. Әдеби оқулар

10 наурыз

ҚЖК

 
 

«Қиямет қайым ғасыры» к 70 летию С.Елубаева

Әдеби окулар

10 наурыз

Жамбыл ат. ҚЖК

 
 

«Детский комический эпос» (К.И.Чуковский) Кітап көрмесі

10 наурыз

Филиал №24

 
 

«Отбасы-тіршіліктің тірегі» Тарбие сағаты

10 наурыз

Филиал №10

 
 

100-летие композитора Б.Байкадамова Көрме

10 наурыз

Жамбыл ат.ҚЖК

 
 

«Мәдени мұра» бағдарламасымен жарық көрген кітаптар. Кітап көрмесі

10 наурыз

ҚЖК

 
 

«Книжное царство» Кітап көрмесі

10 наурыз

Филиал № 33

 
 

«Даналық дариясы» кеші

14 наурыз

Чехов ат. ОҚК

 
 

«Болашаққа ұмтылған Қазақстан» Танымдық сағат

14 наурыз

Филиал №18

 
 

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы

“Тетігін тап та, бар қалан”Әнгіме

14 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

«Қош келдің, кітап апталығы!» /Кітаппен бірге өсеміз / Кітап көрмесі

14 наурыз

Филиал №30

 
 

«Век живи-век люби» (В.Распутин) Ойлану сабағы

15 наурыз

Филиал №4

 
 

«Қарымды қаламгер» (С.Омаров) Кітап көрмесі

15 наурыз

Филиал №1

 
 

Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі»Әңгіме

15 наурыз

Филиал№45

 
 

«Шағын әңгіме шебері»

(Сейтжан Омаровтың туғанына -110 жыл)

Әдеби сағат

15 наурыз

Филиал №1

 
 

«Әлемнің әміршісі- Еңбек!» Видео-обзор

15 наурыз

Филиал №4

 
 

«Еңбек Ер атандырар» Әдеби конақ бөлмесі

15 наурыз

Филиал №4

 
 

«Шағын әңгіме шебері» (С.Омаров) Әдеби сағат

15 наурыз

Филиал №1

 
 

«Әдептілік бастауы-тәрбиеде» Әңгіме

15 наурыз

Филиал №10

 
 

«Ата-бабаларымыздың тарихы-мәңгі өшпейтін құдірет күші» Көрме

15 наурыз

Филиал №10

 
 

«Егемен елімнің ұланы» Патриоттық кеш

16 наурыз

Филиал № 27

 
 

«Ұлттық -мәдени мұрамыз ұлттық қазынамыз» Виртуалдық көрме

16 наурыз

Чехов ат. ОҚК

 
 

«В гости к дедушке Корнею» (К.И.Чуковский) Ертенгілік

17 наурыз

Филиал №24

 
 

«Қазақстан және Ресей халықтарының дәстүрі»

"Народные традиции России и Казахстана" (по празднику Наурыз)

Белгород мемлекеттіқ

А.А. Лиханов атындағы балалар кітапханасымен Халықаралық онлайн-кездесу (Ресей)

Международная онлайн-встреча с Белгородской государственной детской библиотекой А.А. Лиханова (Россия)

17 наурыз

   
 

«Ащы естелік және мәңгі жара» Тарихи сабақ

20 наурыз

Филиал №10

 
 

«Балалар әдебиетінің інжу-маржандары» Кітап көрмесі, Слайд-презентация

20 – 30 наурыз

Филиал №4

 
 

«Балбұлақ» журналына 15жыл кездесу кеші

23 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

«Кәусар бұлақ-2017:

«Дарабоздың» дара жұлдыздары» Әдеби подиум

23 наурыз

Филиал №4

 
 

«Кітап- бұл шағын әлем» кітап көрмесі

23 наурыз

И.А.Крылов ат. ҚБК

 
 

«Тыңда балам ертегі, ертегі сыр шертеді» Видео-салон

24 наурыз

Филиал №4

 
 

«Кәусар бұлақ менің сүйікті кітабым» байқау

24 наурыз

Филиал № 33

 
 

«Ғасырларға сапар шекен кітап – қазына» Видеоролик

24 наурыз

И.А.Крылов ат.ҚБК

 
 

«В стране доброго волшебника» (по любимых детским книгам) Ойын саяхат

24 наурыз

Филиал №26

 
 

Балалар мен жасөспірімдер апталығы. Дауыстап оқу

24-30 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

Балалар мен жас-өспірімдер кітап апталығы

Көрме,викторина

24-30 наурыз

Бегалин ат.ОҚБК

 
 

«Мәңгілік классика»«Живая классика» Мәнерлеп оқу сайысы

24-30 наурыз

Бегалин ат.ОҚБК

 
 

«Ақ боз үй» трилогиясы бойынша (С.Елубаев) Оқырман конференциясы

24 наурыз

Филиал №4

 
 

«Забвению не подлежат» Еске алу сағаты

24 наурыз

Филиал №10

 
 

«Алашордағ 100 жыл» видеошежіре сағаты

25 наурыз

Жамбыл ат. ҚЖК

 
 

«Таңбалы тастың сырлары» Ақпараттық сағат

25 наурыз

Филиал № 20

 
 

«Мәдені мұра- рухани казына» Дөнгелек үстел

25 наурыз

Чехов ат.ОҚК

 
 

«Удивительные книжки-почемучки» Ертенгілік

25 наурыз

Филиал №4

 
 

Кәусар бұлақ менің сүйікті кітабым

Дауыстап оқу

25 наурыз

Филиал№18

 
 

«Поделюсь сокровищем своим»(обряды и традиции казахского народа)Кітап көрмесі

25 наурыз

Филиал №10

 
 

Кітап-білім бұлағы Кітап көрмесі

25 наурыз

Филиал №14

 
 

«Кітап – білім айдынындағы Ақ кеме» Видео-круиз

26 наурыз

Филиал №4

 
 

«Путешествие в страну сказок» (по сказкам Х.Андерсена) Видеовикторина

26 наурыз

Филиал №4

 
 

«Жемқорлық жарға жықпақ» Ойлану сағаты

27 наурыз

Филиал№18

 
 

«Кітап сарқылмас қазына» Книжная выставка

27 наурыз

И.А.Крылов ат. ҚБК

 
 

«Чудесный книгоград» әдеби турнир

28 наурыз

Филиал №26

 
 

«Кітап-алтын қазына» Мәнерлеп оқу сағаты

28 наурыз

Филиал №14

 
 

«Не оқисың жас өркен» Викторина

28 наурыз

И.А.Крылов ат. ҚБК

 
 

«Путешествие по страницам любимых книг»

Әдеби викторина

28 наурыз

Филиал №39

 
 

Дарабоздың балаларға базарлығы

Кездесу кеші

28 наурыз

Филиал№18

 
 

«Книга - твой лучший друг» Ертенгілік

28 наурыз

Филиал №6

 
 

«Інжу-маржан» Кітап көрмесі

29 наурыз

Филиал №4

 
 

«Үкілі домбыра» Әдеби-сазды кеш

29 наурыз

Филиал №4

 
 

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» Енбек сағаты

29 наурыз

Филиал№18

 
 

«Ғылым- теңіз, Білім- қайық» Игра-викторина

30 наурыз

Филиал №14

 
 

“Бук бум” “Book Boom” тризерлер сайысы

30 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

«Книга- мудрый, старый друг, знает все вокруг»

Кітап мерекесі

31 наурыз

Филиал № 39

 
 

«Путешествие в волшебный мир книг» «Ғажайып кітап әлеміне саяхат»

Әңгіме ойын викторина

31 наурыз

Бегалин ат.ОҚБК

 
 

«Жас ұрпақты кітаппен қуандырған» К.Чуковскиға 135жыл

Виртуалды саяхат.

31 наурыз

Бегалин ат. ОҚБК

 
 

Мекен-жайы:

Алғабас-1, 6-үй
Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 398-85-36
Касса: 8 (727) 398-62-44
Методика бөлімі: 8 (727) 398-85-16

Әлеуметтік желілер:Facebook,В контакте,www.kino.kz

Алматыдағы дәстүрлі өнер театрының салтанатты түрде ашылуы еліміздегі елеулі оқиға болды.«Алатау дәстүрлі өнер театры» Б.Момышұлы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алатау ауданында орналасқан дәстүрлі өнертеатрының 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Заманауи техноло­гия­лармен жабдықталған нысан 2014 жылы Алматы қала­сы­ның индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 382 га құрайды, құрылыс ауданы 3610,7 шаршы метр, ғимараттың алаңы 11515,9 шаршы метр, қабат саны 3-еу.

«Алатау дәстүрлі өнер театры» КМҚК – дәстүрлі музыкалық мұармызды насихаттайтын, оны дамытатын мәдени ошақ.  Дәстүрлі ән-жыр, терме, күй, айтыс, ұлттық кино сияқты бес бағытта қызмет етеді. Театрда дәстүрлі өнерімізді дәріптеу мақсатында әр түрлі мәдени шаралар өтуде. Республикалық жыршы-термешілер байқауы, халықаралық фестивальдер сияқты түрлі концерттік шаралар өтті.

28-ші бүкіл әлемдік универсиада қарсаңында "Алатау" дәстүрлі өнері театры аумағында "Алатау алабында" атты этно фестиваль өтті. Фестиваль барысында 10 күн бойы дәстүрлі музыка кештері мен студент жастардың айтысы болды.

«Алатау» Дәстүрлі өнер театрында» заманауи талапқа сай жабдықталған 2 кинозал бар. Кинозал қонақтары «3D» форматындағы фильмдерді тамашалай алады. Мұнда «Анаға апарар жол», «Алмас қылыш» атты отандық кинофильмдер көрсетіліп, түрлі мультипликациялық топтамалар көрерменге жол тартуда. Кәсіпорын қорында халқымыздың ұлттық қасиеттері мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын көркем және деректі фильмдер, шетелдік жаңа кинофильмдер көрсетіледі.

Мұнда мәдени шаралардан бөлек қайырымдылық кинокөрсетілімдер өткізіліп тұрады. Апта сайын өткізілетін қайырымдылық көрсетілімнің мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға рухани демеу көрсету. Дәстүрлі өнер орталығымыздың дәстүріне айналған мұндай көрсетілімдерге қаламыздағы зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері, сондай-ақ, қарттар үйіндегі ата-әжелеріміз де тұрақты көрермендерміздің қатарын толықтырып отыр. Мәдениет пен өнер­дің киелі орталығы осындай игілікті істерін ары қарай да жалғастырмақ.

Дәстүрлі музыкалық мұраны сақтау және дамыту;

- халықтың мәдени-көпшілік және дәстүрлі шараларға деген жұртшылықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіби дәстүрлі шығармашылықты дамыту;

- мәдени әлеуетті дамыту шеңберінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының мәдени демалысын қамтамасыз ету;

-дәстүрлі музыканы және өнерді дамыту үшін жастарға ұлттық аспаптарды меңгеруді, сонымен қатар дәстүрлі халық әндерін айтуды үйрету;

- Қазақстанның құнды рухани мәдениетін жаңғырту (халық билері, айтыс, жыршы, домбырамен ән салу, терме және т.б.);

- халықтық дәстүрге негізделген қолөнер шеберлігін дамыту («Шеберлер») және жастардың дәстүрлі өнер шеберлігіне қызығушылығын арттыру және баулу;

-отандық киноөнерді насихаттау, ең алдымен, оқушылар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде киноқұралдарын пайдалану. Қалалықтардың көркемдік талғамы мен интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театрына КМҚК қарасты екі мәдениет ұйымы бар:

Кәсіпорын қызметінің келесі бір мақсаты – елдің мәдени әлеуетін дамыту аясында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды мәдени іс-шаралармен қамтамасыз ету.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметі Алматы қаласының әлеуетін дамыту мақсатында мәдениет саласындағы өндірісті-шаруашылық қызметін жүзеге асыру, мәдениет пен өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.

Алматы қаласы ерекше мәртебедегі қала ретінде, Еуразия континентіндегі бірегей мегаполис, республиканың интеллектуалды, рухани және мәдени орталығы болып саналады; жеткілікті дамыған мәдени инфрақұрылымға,  мәдениет қызметкерлерінің білікті, кадрлық әлеуетіне  ие, және солардың ішінде Қазақстан Республикасының  жетекші цирк ұжымы – «Қазақ мемлекеттік циркі» МКҚК бар.

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры 1935 жылы құрылды. Театр Қазақстанның ертеден келе жатқан театрларының бірі. Бұл – біздің отанымыздың тарихындағы тұңғыш қуыршақ...