Размер шрифта: A A A
Фон:
 
Жеке кабинетке кіру

Мекен-жайы:

Алғабас-1, 6-үй
Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 398-85-36
Касса: 8 (727) 398-62-44
Методика бөлімі: 8 (727) 398-85-16

Әлеуметтік желілер:Facebook,В контакте,www.kino.kz

Алматыдағы дәстүрлі өнер театрының салтанатты түрде ашылуы еліміздегі елеулі оқиға болды.«Алатау дәстүрлі өнер театры» Б.Момышұлы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алатау ауданында орналасқан дәстүрлі өнертеатрының 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Заманауи техноло­гия­лармен жабдықталған нысан 2014 жылы Алматы қала­сы­ның индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 382 га құрайды, құрылыс ауданы 3610,7 шаршы метр, ғимараттың алаңы 11515,9 шаршы метр, қабат саны 3-еу.

«Алатау дәстүрлі өнер театры» КМҚК – дәстүрлі музыкалық мұармызды насихаттайтын, оны дамытатын мәдени ошақ.  Дәстүрлі ән-жыр, терме, күй, айтыс, ұлттық кино сияқты бес бағытта қызмет етеді. Театрда дәстүрлі өнерімізді дәріптеу мақсатында әр түрлі мәдени шаралар өтуде. Республикалық жыршы-термешілер байқауы, халықаралық фестивальдер сияқты түрлі концерттік шаралар өтті.

28-ші бүкіл әлемдік универсиада қарсаңында "Алатау" дәстүрлі өнері театры аумағында "Алатау алабында" атты этно фестиваль өтті. Фестиваль барысында 10 күн бойы дәстүрлі музыка кештері мен студент жастардың айтысы болды.

«Алатау» Дәстүрлі өнер театрында» заманауи талапқа сай жабдықталған 2 кинозал бар. Кинозал қонақтары «3D» форматындағы фильмдерді тамашалай алады. Мұнда «Анаға апарар жол», «Алмас қылыш» атты отандық кинофильмдер көрсетіліп, түрлі мультипликациялық топтамалар көрерменге жол тартуда. Кәсіпорын қорында халқымыздың ұлттық қасиеттері мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын көркем және деректі фильмдер, шетелдік жаңа кинофильмдер көрсетіледі.

Мұнда мәдени шаралардан бөлек қайырымдылық кинокөрсетілімдер өткізіліп тұрады. Апта сайын өткізілетін қайырымдылық көрсетілімнің мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға рухани демеу көрсету. Дәстүрлі өнер орталығымыздың дәстүріне айналған мұндай көрсетілімдерге қаламыздағы зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері, сондай-ақ, қарттар үйіндегі ата-әжелеріміз де тұрақты көрермендерміздің қатарын толықтырып отыр. Мәдениет пен өнер­дің киелі орталығы осындай игілікті істерін ары қарай да жалғастырмақ.

Дәстүрлі музыкалық мұраны сақтау және дамыту;

- халықтың мәдени-көпшілік және дәстүрлі шараларға деген жұртшылықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіби дәстүрлі шығармашылықты дамыту;

- мәдени әлеуетті дамыту шеңберінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының мәдени демалысын қамтамасыз ету;

-дәстүрлі музыканы және өнерді дамыту үшін жастарға ұлттық аспаптарды меңгеруді, сонымен қатар дәстүрлі халық әндерін айтуды үйрету;

- Қазақстанның құнды рухани мәдениетін жаңғырту (халық билері, айтыс, жыршы, домбырамен ән салу, терме және т.б.);

- халықтық дәстүрге негізделген қолөнер шеберлігін дамыту («Шеберлер») және жастардың дәстүрлі өнер шеберлігіне қызығушылығын арттыру және баулу;

-отандық киноөнерді насихаттау, ең алдымен, оқушылар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде киноқұралдарын пайдалану. Қалалықтардың көркемдік талғамы мен интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театрына КМҚК қарасты екі мәдениет ұйымы бар:

Кәсіпорын қызметінің келесі бір мақсаты – елдің мәдени әлеуетін дамыту аясында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды мәдени іс-шаралармен қамтамасыз ету.

 

Түсініктеме жазу

Кiру
     

Защитный код
Жаңарту